$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

Енді мектептерде қаржы ашық түрде жиналады. Ол үшін білім ұяларына терминал қондырылмақ. Шымкент қаласында басталып жатқан тың жоба қыркүйек айына дейін іске асады. Бұл туралы №80 мектеп директоры мәлімдеді. Пилоттық жоба дәл осы мектептен басталмақшы екен.

«Терминал арқылы қаржыландыру — бұл жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы» деген №80 мектеп директоры білім ұялары сәл де болса қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ екен.

«Терминал әлі қойылып үлгермегенімен, оған қаржы салғысы келетіндер қазірден табылып жатыр. Олардың дені – ата-аналар. Ешкімді мәжбүрлемейміз» деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ.

Ағымдағы оқу жылында №80 мектепке бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Сәуле Қалыбекова берілген ақшаның мектептің жөндеу жұмыстарына жіберілгенін жеткізді. Әйткенмен бюджеттен қаржы бөлінгенімен, білім ұясын күтіп ұстау ата-ананың көмегінсіз болмайтын көрінеді. «Ал терминалға түскен қаржының есебі ресми жүргізіліп, ашық көрсетіліп отырады» дейді ол.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары