– Квест саяхаттың ерекшелігі сол, әр аялдамада жастар жолға шығу үшін Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл жастардың туған қаламыз туралы дүниетанымын арттыратыны анық, - дейді "Отырар" кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева.
Квест-керуен Бәйдібек баба ескерткішінен басталып, Тәуелсіздік саябағына дейін өтті. Бәйдібек баба ескерткішінің маңында халықаралық Алаш сыйлығының иегері, «Бәйдібек-Сыланды» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Еркінбек Тұрысов жастарға келелі ой айтты.
– Бұл ескерткіш тарихи маңыздылығы жөнінен де, биіктігі жөнінен де Евразия бойынша бірінші орында тұр. Бәйдібек Қарашаұлы ұлтымыздың аумақтық, этникалық тұтастығын сақтап, қалыптастыру үшін күш салған адам, - деді жазушы.
Саяхаттың әрбір аялдамасында жастар Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күні Шымкенттің еңселі сәулет ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Жыр-арнаулар айтылды. Домбырамен әндер шырқалып, ақындар авторлық өлеңдерін оқыды.
«SN.kz» - ақпарат»