Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаева «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы», Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Сүлейменов «Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бітірушілер тарапынан құқықбұзушылық пен келеңсіз оқиғалардың алдын алу мәселелері туралы» және Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ж.Әлжанова «Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» тақырыптарында әңгіме қозғады.
«SN.kz»-ақпарат.