Білім & Ғылым 21.06.2019 сағат 16:03

Шымкент қаласының мектеп директорларына арнайы семинар өткізді

AlmaU білім беруді дамыту институты еліміздің білім беру мекемелеріне интерактивті, технологиялық білім беруде алғы шепте екенін айт кету керек. Осы орайда, «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының мектеп директорларына арнайы семинар өткізуде. Оқытудың бұл бағдарламасы қазіргі білім берудегі жаңа ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастырады.
Шымкент қаласының мектеп директорларына арнайы семинар өткізді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семинар Шымкент қаласындағы ХББ Назарбаев зияткерлік мектептерінде маусым айының 19, 20, 21, 22, 23 күндері өтеді. Оқыту мерзімі – 5 күн. Бірінші және екінші модуль бойынша. Жалпы семинардың мақсаты басқару пен шығармашылық үндеулер аясында білім беру қызметін жүзеге асыратын келешек менеджерлер мен қызметкерлерді трансформациялау болса, ал тәжірибелік құндылығы орта және арнаулы орта білім беру жүйесіндегі «өзгерістерге бейімделе алатын» заманауи тұтас ойлауға ие менеджерді қалыптастырудың озық білім беру үрдістері, әдістері мен әдіснамаларымен таныстыру, оқу-тәжірибелік істерді білім берудегі білім беру мен басқару саласының ең үздік сарапшылармен талдау

 «SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар