$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: «ХИМФАРМ» АҚ зауытының цифрлық инженерлік білім беру орталығы ашылды

Бүгін Шымкентте «Химфарм» АҚ зауытының негізінде құрылған цифрлық инженерлік білім беру орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталықтың лентасын қиды.

100 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған орталықтың негізгі міндеті - компания мамандарының біліктілігін арттыру, сондай-ақ IT технологиялар, автоматтандырылған метрология және технологиялық процестерді басқару саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту.

Шымкент химия-фармацевтика зауытының тарихы тереңде. Бүкіл дүние жүзіндегі фармацевтикалық кәсіпорындардың ең байырғыларының бірі әрі бірегейі болып саналады. Зауыттың негізін 1882 жылы орыс көпестері Иванов пен Савинков қалаған. Мұндай кәсіпорынның пайда болуына қазақ жеріндегі, оның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы даңқты дермене тікелей себепкер болған. Сонау 1885 жылы Түркістан өлкесіндегі дермене кәсіпорны өзінің ең алғашқы өнімі - 189 пұт сантонин шығарады. Ресейде бұл өнімнің 2-3 пұты ғана пайдаланылып, қалғаны түгелдей шетелге шығарылады екен.

Бүгінде зауыт ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер, антацидтер, асқазан жарасын емдеуге қажетті, өт айдайтын препараттар, диареяға, вирустарға, жөтелге, суықтауға қарсы препараттар, жүйкені тыныштандыратын, теріні және жарақаттарды дезинфекциялайтын дүниелер шығарады. Сондай-ақ, фармацевтикалық тұнбалар, парафармацевтикалық, тамақтануға қосымша қоспалар, урология, дерматология, гинекология және акушерлік, эндокринология, иммунология салаларына қажетті, тағы басқа да толып жатқан дәрі-дәрмектер әзірлейді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары