$ 495.2  522.34  4.94

Шымкенттегі өнер және дизайн колледжі есеп беру көрмесін өткізді

Таяуда Шымкент қаласында Қазақ елінің тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің 115 жылдығына арналған Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Сырлы өнер» атты есеп беру көрмесі өткізілді.

Жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, креативті ойлау дағдыларын дамыту, бейнелеу өнеріндегі рухани құндылықтарды насихаттау, эстетикалық сұлулықты дәріптеу мақсатында өткізілген көрмеде аталмыш колледж студенттерінің шығармашылық, ізденіс туындылары қойылып, көрермендерге таныстырылды.  Сондай-ақ, көрмеде кескіндеме, мүсін, қол өнер бұйымдары, ағаш бұйымдары, көркем қыш, былғарыдан жасалған бұйымдар дизайнерлік туындылар көпшілік назарына ұсынылғанын айта кеткен жөн.

Әбілхан Қастеев атындағы аталмыш колледждің студенттеріне білікті мамандар дәріс береді. Атап айтқанда, суретші Рауан Мейірбеков анимациялық графика мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттерді оқытады. Ол елімізге танымал «Қошқар мен Теке», «Қазақ елі» анимациялық мультфильмдеріне атсалысқан. Сондай-ақ, Едіге Тұрлыбеков, Араншы Шаржанов, Қалтөре Атамқұлов сынды білікті мамандардан тәлім береді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өнер #Шымкент