Ұлттық университеттің ректорлары президент жарлығымен тағайындалмайтын болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы.