Қазақстан мектептеріне әліппе қайтарылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын, көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе – өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады», - деді министр тамыз конференциясында.
Сонгдай-ақ, ол қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Әліппе – сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол – Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз», -деді ведомство басшысы.