$ 449.58  486.94  4.86

200 миллион теңге: елорда әкімдігі жағдайы жоқ оқушыларды қамтамасыз ете бастады

Бүгінде 8000 сертификат беріліп, оларға сәйкес 78 бала киім сатып алып үлгерді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 20 тамыздан бастап халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар беру басталған. Бүгінде 8000 сертификат беріліп, оларға сәйкес 78 бала киім сатып алып үлгерді. Сонымен қатар, 81 мектептегі әлеуметтік тәрбиешілерге сертификаттар тапсырылды, олар ата-аналарға мектеп тауарларын сатып алуға 2300 құжат берді.

Айта кету керек, бұл көмекті алуға құқылы отбасылар қатарына атаулы әлеуметтік көмек төленген отбасылардың балалары, сондай-ақ, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, АӘК төленбейтін отбасылар, жетім балалар мен отбасыда тұрып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы көмекті алуға құқылы адамдар қатарына кіреді.

Сонымен қатар, сертификатты төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары, сонымен қатар, білім беру ұйымының алқалық басқару органы анықтаған оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары ала алады.

Мектеп формасы мен оқу құралдарынан басқа, Жалпыға бірдей міндетті оқу бағдарламасы аясында балаларға ыстық тамақ беріледі, жазғы сауықтыру лагеріне жолдамамен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, оларға мәдени және спорттық шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары