Білім & Ғылым 25.08.2019 сағат 12:20

Грант иеленген магистранттардың тізімі шықты

Биыл 9701 грант бөлінген. Бірінші айналымнан кейін қалған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта бөлінді. Сонымен қатар, 3108 грант бюджетке қайтарылады.
Грант иеленген магистранттардың тізімі шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Магистратураға мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смагұловтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ал, достар! Көптен күткен жаңалық! Сенбіні СҮЙІНШІден бастағанды жөн көрдім! Магистратураға түсушілер үшін білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері шықты! Нәтижелерді біздің Testcenter.kz сайтымыздан немесе Konkurs_magistratura_2019 telegramm бот арқылы білуге болады!!! Барлықтарыңызға сәттілік!!!» делінген жазбада.

Дидар Смағұловтың айтуынша, биыл 9701 грант бөлінген. Бірінші айналымнан кейін қалған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта бөлінді. Сонымен қатар, 3108 грант бюджетке қайтарылады.

«Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін testcenter.kz сайтынан көре аласыздар. Сондықтан әрбір тізімдеме қолдан қайта тексерілді, ал бұл – 12 мыңнан астам жазба. Өйткені, үміткерлердің құқығын Орталық алға қояды. Біз құрметті сарапшыларымыздың, соның ішінде Мұрат Әбеновтің ұсынымдарына сүйене отырып, гранттың санын емес, сапасын ойлауды ұйғардық. Себебі елге заңгерлер мен басқарушылар қажет емес...», – деп жазған Орталық басшысы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар