$ 439.43  473.31  4.82

Тимур Құлыбаев жаңа оқу жылына жаңа пән енгізбек

«Атамекен» басшысының өзі сабақ бере ме екен? Себебі, Тимур Асқарұлы – қазақстандық кәсіпкерлердің арасында forbes тізіміне кірген олжалы болып жүретін бизнесмен.
коллаж: zhasalash.kz
коллаж: zhasalash.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен орта мектептің жоғарғы сыныптары мен колледждерде жаңа пән пайда болады. Биылғы оқу жылындағы жаңа пән – «Кәсіпкерліктің негіздері». Бұл сабақ тәлімгерлердің таңдауымен ғана оқытылатын болады екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, «Жас Алаш»-қа сілтеме жасап.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ресми сайтының жазуынша, жаңа пән ойын негізінде оқытылмақ. Ал сабақ қазақстандық компаниялардың қызметтері бойынша өтеді. Мұғалімдердің қатарында елімізге танымал кәсіпкерлер болады.

«Көптеген жастар үшін бүл пән бизнес әлеміне бастар алғаш баспалдақ болуы ықтимал. Шұғыл шешім шығаруға, сынмен қарауға және өзгеше ойлауға үйретеді. Ұжымдық күшті қадірлеу мен кәсіпкерліктің неден тұратынын білуді оқытпақ», – деді Тимур Құлыбаев білім күнгі құттықтауында.

«Атамекен» басшысының өзі сабақ бере ме екен? Себебі, Тимур Асқарұлы – қазақстандық кәсіпкерлердің арасында forbes тізіміне кірген олжалы болып жүретін бизнесмен. Оның байлығы 3 100 000 000 АҚШ долларына бағаланады. Дәл Тимур Құлыбаевтың табысына қарап үйретері көп деп ойлаймыз.

«Кәсіпкерлер оқушыларға жақсы мотиватор болады. Табысқа қалай жеткендері туралы және бизнестегі дағдарыстың қалай керектігін айтып береді. Кәсіпкерліктің негізгі ережелері мен заңдарын түсіндіреді. Өз ісіңді қалай ашуға болатынын, қайда қаржы құю керектігін де үйретеді. Біздің осы бір бастамамызды қолдаған кәсіпкерлерге алғыс айтамыз», – деді Тимур Құлыбаев.

Ескерте кетсек, осының алдында ғана Құлыбаевтың қайын апасы Әлия Назарбаеваның бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан ашылып жатқан Абай атындағы мектепке ерекше сый жасағанын хабарлаған болатынбыз. Әзірге бұл екі жаңалық та 1 қыркүйектегі белсенділіктің алды болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары