$ 494.87  520.65  4.91

Парадокс: қазақ тілі алақан жайып, өзінің мемлекеттік мәртебесін орыс тілінен сұраумен жүр

«…Қазақ тілдік тұрғыдан қақ бөлінді. Осыны пайдаланып, орыс тілі ойқастап мемлекеттік тілдің орнында жүр. «Ал қазақ тілі қайда жүр?»
Фото: Central Asia Monitor
Фото: Central Asia Monitor

Қазақтың сүйкімді жазушысы Смағұл Елубай «Егемен Қазақстан» газетінде (08.08.19) былай депті:

«…Қазақ тілдік тұрғыдан қақ бөлінді. Осыны пайдаланып, орыс тілі ойқастап мемлекеттік тілдің орнында жүр. «Ал қазақ тілі қайда жүр?»

Қазақ тілі алақан жайып, өзінің мемлекеттік мәртебесін орыс тілінен сұраумен жүр. 30 жыл ұдайы! Тіліміз Тәуелсіз Қазақстанның төрін беруді орыс тілінен 30 жыл ұдайы сұраумен келді. Парадокс па? Парадокс. Осы келеңсіздіктен кейін: «Қазақ деген халықта  өзі ұлттық элита бар ма?» деген сұрақ туындайды, әсіресе сырттан бақылағандар арасында.

…Қазақстан үкіметі: «2021 жылға дейін қабылданған Тіл бағдарламасы бойынша Қазақстан халқының 90 пайызы 2021 жылы мемлекеттік тілде сөйлейді» деп отыр. Бұған кім се­неді? Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қай мекемеге бас сұқсаң да алдыңыздан ойқастап орыс тілі шығады. Қазақ тілі емес. Басқаны былай қой­ғанда, бұл екі қалада қазақ жастары өзара орысша сөйлеседі. Аулаларда ойын тілі – орыс тілі. Бейнебір Ресейде жүргендейсіз. Мекемелер онсыз да орыс тілді. Сонда 2021 жылы, яғни араға бір жыл салып, Қазақстан қазақша сайрайды дегенге кім сенеді?

Біздіңше, 2021 жылы «2031 жылы Қазақстан түгел қазақша сайрайды» деген уәдеге толы тағы да бір Тіл бағдарламасы өмірге келетін болар.

Бұл нені көрсетеді? Бұл тілге қа­тыс­ты ағымдағы Конституциялық баптың да, Тіл заңының да Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілін қорғай алмағандығын көрсетеді».

Шындық қой.

Дүрәлі Дүйсебай

Дереккөз: "Замана" басылымы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары