Алматы қаласы Наурызбай ауданынның әкімі Тоғай Санжар Әбдірұлы дарынды оқушылармен ашық сұхбат өткізді, деп хабарлайды Sn.kz.
Кездесуге ауданға қарасты білім мекемелерінен 80 дарынды оқушы қатысты. Оның ішінде 1000 оқушы қатысқан ауданаралық «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында шығарма байқауының 3 жеңімпаздары да бар.
Шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» шығарма байқауының 3 жеңімпаздарына естелік сыйлықтар және ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Наурызбай ауданында 17 583 оқушы санымен 17 мектеп жұмыс істейді.
Аталған жоба оқуда, шығармашылық пен спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарыңды өреңдерді қолдауды мақсат еткен. Ал міндеттері Қазақстандық патриотизмді дамыту және жан-жақты дамыған шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып азаматтықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болып табылады.