$ 495.2  522.34  4.94

«Елбасыны қадірлейік»: оқушылар да ода жазып, «жағымпаздық жарысына» қатысты

Тіпті, химия-биология бағытындағы мектеп оқушылары арасынан «ақын» іздеген ұйымдастырушылар бұл іс-шарасын «ҚР Тұңғыш президенті күніне жас ақындар мүшәйрасы» деп ауыз толтырып айтады.

Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары елбасына арнап ода жазудан жарысуда, деп жазады Skifnews.kz, BAQ.KZ жариялаған «сүйінші ақпаратты» негізге ала отырып.

Тіпті, химия-биология бағытындағы мектеп оқушылары арасынан «ақын» іздеген ұйымдастырушылар бұл іс-шарасын «ҚР Тұңғыш президенті күніне жас ақындар мүшәйрасы» деп ауыз толтырып айтады. Тақырыбының өзі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» екен.

«Іздегенге – сұраған» дегендей, болашақ химик, биологтар арасынан 10-нан астам «жас қаламгер» де (BAQ.KZ ақпаратында осылай – жас қаламгер деп жазылған) табыла кетті. Олардың экс-президентке арнаған тақпақтарын қазылар алқасы бағалап отыр.

Ал «жырлардан» үзінді келтірсек, 
«Көк туымыз желбіреп,
Көтерілді аспанға.
Тіліміз де, дініміз де
қайта оралды өзімізге,
Бәрі сіздің арқаңыз», - дейді 7 С сынып оқушысы Темірболат Қуандық.

Оның сыныптасы Жанерке Амангелді де
«Мен қазақпын!» деген ұран ұстанып,
Жарияға бар даусыммен жар салам!
Алла берген жерім менің кең байтақ,
Сыйып кетер, мына тұрған бар ғалам!

Сол ғаламды сауатты етіп басқарған,
Ел сыйлаған Елбасымдай атам бар!
Ал атамның барлық игі істеріне,
Демеу болар әрқашан, өзін сүйген халқы бар!» - деп тебіренген.

Сондай-ақ, 10 F сынып оқушысы Асқар Бердібек «Елбасына арнау» атты өлеңінде:
«Елбасы, әркез қарыздар сізге қазағым,
Сіздей ұлы адам бола алады екен дара кім?
Өз жолын салған бес күндік жалған өмірде,
Әбішұлы Нұрсұлтан мәңгі жасасын!!!» - деп бір-ақ тоқтаған.

8 D сынып оқушысы Алмас Дініқұл да ода жазу жағынан ешкімнен қалыспақ емес.
«Елбасыны қадірлейік,
Істегенін қастерлейік.
Әрбір жеткен жетістігін,
Үлгі етіп, сезінейік.

Қазақ елі, арман елі,
Елбасы – нағыз халық ері.
Саналады біздер үшін,
Мәртебесі асқан сері», - дейді ол.

Дереккөздің түйінін сөзбе-сөз алсақ, енді суреттегі үш қазы «әрбір ақынның өлеңіне талдау жасап, жүлдеге лайықты қаламгерді анықтайды» екен. Ал сіз, қазірлі оқырман, жағымпаздықтың іргетасы қайдан беки қояды демеңіз. Біздің қазақ «ұяда көргенін ілгізбей» қоймайды ғой.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары