$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда Елбасының көшбасшылық жолы туралы жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

Алматы қаласындағы №147 гимназияда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар бұл сабаққа тыңғылықты дайындалып келіпті.

Алматыда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Алматы қаласындағы №147 гимназияда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар бұл сабаққа тыңғылықты дайындалып келіпті.

«Жалпы, біздің мектепте Елбасына арналған шаралар жиі ұйымдастырылады. Өткен сейсенбі күні мектеп бойынша Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары өтті. Оқушылар «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында эссе жазды. Бүгінгі жалпыреспубликалық ашық сабақ барысында ұстаздар оқушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз ел тарихындағы сарабдал саясатын, Қазақстан халқы үшін сіңірген еңбегін кеңінен айтып берді», - дейді Алматы қаласындағы №147 гимназия директоры Роза Макежанова.

Оқушылар Елбасына деген құрметті жыр, арнау, ән, театрландырылған қойылым арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары