$ 448.89  477.93  4.76

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресу жолдарын атады

Оның сөзіне қарағанда, жазылған еңбектер бұл жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық жұмыстар, әрине диссертациялар міндетті түрде осы жүйеден өтеді», - деп тоқталды министр. 

Оның сөзіне қарағанда, жазылған еңбектер бұл жүйеден өтіп қана қоймай, сол жүйеде сақталады. Сондықтан, бір рет жазылған жұмысты екінші рет қорғап шығу мүмкіндігі бұдан былай болмайды. Сонымен қатар А.Аймағамбетов бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәселесіне қатысты пікір білдірді. 

«Осы мәселеде диссертацияны қайтадан қарастыру деген сұрақ болды. Оны да қарап шықтық. Жалпы, 2009 жылы бұл диссертация қорғалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғалды. Сол уақыттағы талаптарға сай деп санаймыз. Сондықтан, бүгінгі күні ол ғылыми атақты қайтып алуға заңнама аясында ешқандай мүмкіндік болмай тұр. Жалпы, бұл кісіні өздеріңіз білесіздер, өзінің өтінішін жазып, соның аясында қазір министрікте жұмыс істемейді», - деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары