$ 494.87  520.65  4.91

22 мың оқушыға мемлекеттен жыл сайын 12 млрд теңге бөлінеді

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпыға бірдей білім беретін 133 орта мектеп пен мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін 11 жекеменшік білім ошағы бар. Сол білім ұяларындағы оқушы саны 200 мыңнан асып жығалады.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру Алматы мен Шымкент қалаларының (130 мектеп) мемлекеттік мектептерінде қолданысқа енді. Ал 2020 жылғы қыркүйектен бастап республикамыздың барлық қала мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруға толық өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Sn.kz.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру білім беру деңгейіне (бастауыш, орта, жоғары) қарай жүзеге асырылады. Сондай-ақ, оның мөлшері білім беру бағдарламасына, оқу орнына және білім ошағының меншік иесіне де байланысты. Жалпы, білім беру стандарты — 224 704 теңгені, коммуналдық шығындар мен интернет — 10 823 теңгені құрайды. Ынталандыру компоненті 1 оқушыға жылына — 231 000 теңге. Егер жеке кәсіпкер жаңадан жекеменшік мектеп салса — онда оған 1 оқушыға жылына — 478 098 теңге аударылады.

– Аталған жүйе еліміздегі орта білім беру ұйымдарына кезең-кезеңмен енгізілуде. Атап айтсақ, пилоттық жобаға 5 өңірден (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары) 63 мектеп және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 10 мектеп қатысты. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру Нұр-Сұлтан қаласының барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерінде, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикамыздың барлық жекеменшік мектептеріне енгізілді. Бүгінгі таңда олардың саны — 121-ді құрайды. Ондағы 22 мың оқушыға мемлекеттен жыл сайн 12 млрд теңге бөлінеді, – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгүл Текебаева.

Елімізде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептер де білім саласының дамуына үлес қосып жатыр. Мәселен, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпыға бірдей білім беретін 133 орта мектеп пен мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін 11 жекеменшік білім ошағы бар. Сол білім ұяларындағы оқушы саны 200 мыңнан асып жығалады.

Өңірдегі демографиялық өсімнің қарқынды дамуын, оған кей мектеп ғимараттарының тар болуын ескерсек, шаһардағы мектеп жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін жоғалтпайды.

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың қазақстандық моделі осы қағидаға негізделеді. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Айгүл Текебаеваның айтуынша, еліміздегі білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында озық білім беру жүйесін қалыптастыру мақсатында оның ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері өзгертілді.

Нәтижесінде, мемлекеттік және жекеменшік білім оршақтарына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізіліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары