$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте жекеменшік мектептерге сұраныс артқан

1200 орынға шақталған білім ошағы екі ауысымда 2400 оқушыны қабылдауға қауқарлы.

Оқу кабинеттері жабдықталған, өзге де тұрмыстық жағдайлар жасалынған, сыныптағы бала саны 20 оқушыдан аспайтын, ұстаздың бір оқушымен жеке шұғылданып, сабаққа деген ынтасын оятуға мүмкіндік беретен жекеменшік білім ұясын қалтаңыз көтермей ме? Ендеше елімізде орта білім беру саласын ырықтандыру аясында «Білім беру туралы» заңға толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес, жекеменшік мектептерде де мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz.

Шымкенттік Гүля Ахтамянова сол мүмкіндікті пайдаланып отырған ата-ананың бірі. Биыл оның қызы Лайсан жаңадан салынған «Абай» атындағы жеке мектептің 5 сыныбына барды. Лайсан бұған дейін мемлекеттік мектептердің бірінде оқыған. Мектеп үйінен алыс. Жол азабы тағы бар. Сондықтан ата-анасы оны үйіне жақын білім ошағына ауыстыруды жөн санапты. Әрі бұл мектеп жекеменшік болса да, ақысыз екен. Себебі, мектеп мемлекеттік тапсырыс аясында, жан басына шаққандағы қаржыландыру принціпімен жұмыс істейді.

– Мектеп көңілімізден шықты. Біріншіден — үйімізге жақын. Екіншіден — ұзартылған күн тәртібі (продленка) бар. Үй тапсырмаларын орындатып, қосымша сабақтар өтіледі. Жұмысбасты ата-ана үшін өте ыңғайлы. Үшіншіден — асханасы жақсы. Үш мезгіл тамақ береді. Әрине, «продленка» мен тамақ үшін ақы төлейміз. Әр қайсысына күніне 500 теңгеден береміз. Біз үшін бұл тиімді. Қалғаны барлығы тегін. Кәдімгі мемлекеттік мектеппен бірдей, - дейді Гүля.

Айта кетейік, бұл мектеп Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай салынған. 1200 орынға шақталған білім ошағы екі ауысымда 2400 оқушыны қабылдауға қауқарлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары