$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытатын мектептің атауынан «қазақ тілі мен әдебиеті» сөзі алынып тасталады

Оның ойынша, бойымызға сіңген пәннің атауын "лингвистикалық" деп өзгерту - әр қазақтың басына бұлт болып үйірілген ең үлкен қауіп.

Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатына "қазақ тілі мен әдебиеті" дегеннің орнына  "лингвистикалық" деп жазбақшы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұзақ жылдар бойы осы мектептің оқушыларын білім нәрімен сусындатып, ұстаздық етуден жалықпаған Дамеш Исаханова Facebook-парақшасында осы ұнамсыз хабарға қатысты жазба қалдырды.

«Бұл хабарды естіп, күйзеліп отырмын. Осыдан 32 жыл бұрын республикалық мәртебесінен айырылып, орыс-қазақ аралас мектепке айнала жаздаған сәтте "Қазақ әдебиеті" газетіне мен хат жазып, қол жинадым. Шерхан Мұртаза, Өзбекәлі Жәнібеков сынды азаматтардың араласуымен Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернат болып қайта құрылып еді. Енді осы білім ордасына тағы да қауіп төнген іспетті», – дейді ‎Дамеш Исаханова. ‎

Оның ойынша, бойымызға сіңген пәннің атауын "лингвистикалық" деп өзгерту - әр қазақтың басына бұлт болып үйірілген ең үлкен қауіп. Ол жазбасында атауды өзгерту арқылы қазақ тілінің мәртебесін мың есе төмендететінін анық айтып, уайымын жеткізді.

«Кезінде мектептің жерін тартып алып, басқа ғимаратқа көшіргенде, бір арнаға берген сұхбатымда "осы мектептің тағдыры қазақ тілінің тағдырымен бірдей» деп ашынып едім, тағы да солай болайын деп тұр-ау», - деп күдіктенді ұстаз.

Айта кететін жайт, бұл мектептің түлектері арасынан көрнекті дипломаттар, танымал әншілер, ақындар мен журналистер көп шыққан. Мәселен, әншілер Тоқтар Серіков, Ақбота Керімбекова, Тамара Асар, ақын Танакөз Ілиясова, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков, т.б. бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары