$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде ҰБТ-ның алғашқы кезеңі басталды

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 16-20 қаңтар аралығында 95 мыңнан астам үміткер тест тапсырады.

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 16-20 қаңтар аралығында 95 мыңнан астам үміткер тест тапсырады. Оның ішінде 75 520 оқушы тестілеуді қазақ тілінде, 22 744 бала орыс тілінде және 176 бала ағылшын тілінде тапсырады. Санаттар бойынша, 90 808 бала – 11 (12) сыныпта оқиды және былтырғы тестілеуден өтпеген, ЖОО-ға шартты түрде қабылданған 2 701 үміткер бар. Сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін, өзге білім беру бағдарламасына ауысқысы келетін 1-2-інші курстағы 1 841 студент бар.

Еске салайық, 2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіліп келеді. (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Маусым айындағы тест кезеңінде білім грантына конкурс жүреді. Негізінен Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ #ЖОО