$ 494.87  520.65  4.91

8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында қате өріп жүр: автор өз қатесін мойындады

Нақтырақ айтсақ, басты қателік Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысты ақпаратта кеткен.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

8 сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығын жазып шыққан автор кітапты ғылыми басылымдарға сүйене отырып жазғанын мойындады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы «Прикаспийская коммуна»-ға сілтеме жасап.

8 сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығының авторы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов мазмұнында кеткен қателіктерді түзеп шығатынына уәде берді. 

Ол бұл мәселені Атырауда өткен «Өлке тарихы және оның қазіргі мәселелері» атты дөңгелек үстелде көтерді.

Бұған дейін басылым сегізінші сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығында өрескел қателер өріп жүргенін айтқан болатын.

Нақтырақ айтсақ, басты қателік Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысты ақпаратта кеткен.

Оқулықта Махамбеттің жерленген орны мен уақытына қатысты қате ақпарат көрсетілген.

«Мен сегізінші сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығының авторларының бірімін, сондықтан сіздің барлық шағымдарыңызды қабылдаймын және қателіктердің орнын толтыруға уәде беремін», - деп сендірді Зиябек Қабылдинов.

Профессор уәде бере келіп, оқулық жазу жолына қалай түскенін, не үшін ондай қадамға барғанын ашып айтты.

«Мен 2007 жылы Л.Гумилев атындағы университеттің проректоры болып жұмыс істеген кезде ҚР Білім және ғылым министрлігінен шақырту алған болатынмын. Шақырту кезінде олар менің Қазақстан тарихы маманы екенімді алға тартып, оқулық жазуымды сұрады, бірақ мен бас тарттым. Кейін келіспесіме амал қалмады.

Олар маған үш ай уақыт берді, мен проректор қызметінен кетіп, мұрағат құжаттарын оқып үйренуге мәжбүр болдым. Шынымды айтсам, аймақтардың тарихынан мүлде хабарым жоқ, сондықтан ғылыми басылымдардың мәліметіне сүйенуіме тура келді», - деп түсіндірді ғалым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары