$ 494.87  520.65  4.91

Бітіруші түлектердің аттестаттау емтихандары өтпейтін болды

Тиісті өзгертулер министрлік бұйрықтарына енгізілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуі мен оқушыларды қашықтан оқытуға байланысты Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлады.

«Министрлік шешіміне сәйкес, қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық баға негізінде жүргізіледі.  Аттестат пәндер бойынша жылдық баға негізінде беріледі. Ал Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады» делінген хабарламада.

Тиісті өзгертулер министрлік бұйрықтарына енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары