$ 494.87  520.65  4.91

Асхат Аймағамбетов ата-аналардың өтінішіне жауап берді

Балаларымыздың орта білім алуға құқығы 30-бапта бекітілген конституциялық заңға сәйкес толық көлемде - барлық пәндерді, кәсіби оқытушылардың тікелей қатысуымен өтуі қамтамасыз етілсін!
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық мектеп оқушыларының ата-аналары "қашықтан оқытуды заңдастыру жоспарларына қарсы" петиция жасады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтардың бастамасына түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі уақытта "Дәстүрлі мектептер үшін" петициясына 20 мыңға жуық адам қол қойды.

"Біз, қазақстандық балалардың ата-аналары, қашықтан оқытуды заңдастыру жоспарларына наразылығымызды білдіреміз. Біз карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін кейбір пәндер сандық форматта қалуына қарсымыз. Балаларымыздың орта білім алуға құқығы 30-бапта бекітілген конституциялық заңға сәйкес толық көлемде - барлық пәндерді, кәсіби оқытушылардың тікелей қатысуымен өтуі қамтамасыз етілсін", - делінген петицияда.

Аймағамбетов қашықтан оқыту елде COVID-19 жаһандық пандемиясына байланысты қабылдаған шарасы екенін түсіндірді.

"Біздің міндетіміз - оқушылар мен білім беру жүйесінің қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, бірақ сонымен бірге оқу процесіне кедергі келтірмеу. (...) Біз білімнің үзілмеуін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдаландық. Менің ойымша, кейбір сәтсіздіктерге қарамастан, бүкіл процесс ұйымдастырылды.

Дегенмен, бүгінде ең тиімді және ыңғайлы форма - бұл мектептегі дәстүрлі күндізгі оқыту екенін түсінеміз. Күндізгі оқудың дәстүрлі түрін ешкім жоққа шығармайды", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Министр қашықтан оқыту технологиясын дамыту және мектептерді ақпараттандыруды жүргізу қажет екенін айтты.

"Мысалы, оқушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтарды өткізіп жіберіп, кейін жіберіп алған бағдарламалық материалды қосымша оқуы мүмкін. Қосымша мүмкіндік және балама ретінде. Баланың денсаулығына да байланысты үйде жүрген жағдайды да айтуға болады..

Бүгінгі күнде бәрімізге таныс күндізгі форматта мектепте оқу - бұл ең жақсы шешім екенін бәріміз түсінеміз және келесі оқу жылы мектеп қабырғасында өтеді деп сенеміз", - деп сендірді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары