Соңғы уақытта ел арасында ата-аналар балаларды оқыту жүйесі онлайн-режимге ауысатыны туралы қауесет тарап жатыр. Осыған орай, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов даулы мәселенің нүктесін қойды. Ол Facebook-парақшасында ата-аналарға жазба ретінде мәлімдеме жасады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен «дәстүрлі күндізгі мектептерге» арналған петицияны оқыдым. Мен Қазақстандағы болашақ білім форматы туралы алаңдайтын барлық ата-анаға үндеу жолдағым келеді.
Қашықтан оқыту - COVID-19 жаһандық пандемиясына байланысты қабылданған қажетті шара.
Біздің міндетіміз - студенттер мен білім беру жүйесі қызметкерлерінің денсаулығын сақтау, сонымен бірге оқу процесіне кедергі жасамау.
ЮНЕСКО мәліметтері бойынша әлемде 1,5 миллиардтан астам мектеп оқушылары қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып оқуды жалғастырды.
Біз балаларымыздың білімсіз қалмауын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдаландық. Мен туындаған кедергілерге қарамастан, жалпы процесс ұйымдастырылды деп санаймын.
Дегенмен, балалар, ата-аналар, мұғалімдер және министрлік - бәріміз мектептегі дәстүрлі күндізгі оқудың ең тиімді әрі ыңғайлы екенін жақсы түсінеміз.
Күндізгі оқудың дәстүрлі түрін ешкім жойған жоқ.
Қашықтан оқу форматына көшуге мәжбүр болдық.
Әрине, біз болашақта осындай жағдайларға дайын болуымыз керек, сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қашықтан оқыту технологиясын дамыту қажет, ал мектептерге бұл форматты толық меңгеруіне жәрдемдесетін боламыз.
Мысалы, студенттер ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтарды өткізіп алса, бағдарлама материалдарын онлайн түрде тыңдай алатын мүмкіндікті қарастырайық немесе оқушы денсаулығына байланысты мектепке келе алмай қалса, үй атпсырмасын онлайн түрде ала алатын болса...
DOT бағдарламасын қосымша мүмкіндік, балама және бағдарламаның икемділігін қамтамасыз етудің шарты ретінде қарастыруға болады.
Біз үшін өзіміз еркін төселген күндізгі формада мектепте оқу - ең тиімді шешім екенін бәріміз түсінеміз және келесі оқу жылы мектеп қабырғасында өтеді деп сенеміз.