$ 494.87  520.65  4.91

«Ойымның түпнұсқасын орыс тілінде жазатыным рас» - Аида Балаева

Өзі басқарып отырған министрлік қазақ тілін дамыту үшін алға нақты жоспарлар қойып отырған көрінеді.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдымен халыққа есеп беріп, артынан журналистердің сұрағына жауап берді. Бәріне белгілі, Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісін белсенді пайдаланып жүрген шенеуніктердің бірі. Бірақ, министр президент әкімшілігінде жұмыс істегенде де, министр болғалы бері де көбіне ресми тілде ақпарат береді. Журналистер неге бұлай екенін және министрдің қазақ тіліне және оның дамуына деген көзқарасы қалай екенін сұрады. Балаева «Әлеуметтік желіде орысша жазсам да, ана тілім мен үшін қасиетті» дейді.

«Бұл өте орынды да өзекті сұрақ. Шынымен, мен әлеуметтік желіні өзім жүргіземін. Сондықтан,халыққа түсінікті болсын деп ойымның түпнұсқасын орыс тілінде жазатыным рас. Бірақ бұл менің мемлекеттік тілге деген құрметіме ешқандай қатысы жоқ дүние. Мемлекеттік тілге мен тек «мемлекеттік тіл» тұрғысынан ғана қарамаймын. Бұл менің ана тілім, әлдилеп, мәпелеп өсірген әжемнің тілі. Сондықтан, ана тіл – мен үшін өте қасиетті ұғым», - дейді Балаева.

Ал өзі басқарып отырған министрлік қазақ тілін дамыту үшін алға нақты жоспарлар қойып отырған көрінеді. Бірақ, министр дәл қандай жоспар екенін нақтылап айтқан жоқ.

«Министрліктің  бұл бағыттағы жұмысына келсек, жұмыс жүйелі жолға қойылған. Десе де, сындар бар, қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндеріміздің тілі теледидар арқылы орыс тілінде шығып, ағылшын тілін үйреніп, ана тілімізді білмей қалады деген мәселе айтылып жүр. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтеміз. Бірсыпыра жоспарларымыз бар. Жұмыстың нәтижесін өздеріңіз көріп, бағалайсыздар деген ойдамын», - деді Аида Балаева.

Дереккөз: Азаттық рухы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары