Білім & Ғылым 10.08.2020 сағат 06:53

Оқушыларға айына 2,5 млрд теңге төлету «Білім туралы» заңды белден басу емес пе?

Қашықтан білім алудың құны 990 теңге болмақ. 2,6 млн оқушы қашықтан білім алса, кезекші сыныптар бойынша 530 мың, штатты режимде157 мыңнан астам бала білім алады.
Оқушыларға айына 2,5 млрд теңге төлету «Білім туралы» заңды белден басу емес пе?
фото: inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тамыздың 20-сынан кейін елімізде арнайы «Білім» тарифы қосылады. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізетінін мәлім етті.

«Мұғалім» немесе «оқушының» қосылу шарттарын Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталуда. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін», - дейді Гүлнәр Бөкеева.

«Білім» таифтік жоспары 380 білім беру ресурстарына лимитсіз жүйеде жалғанбақ. Яғни, осы тарифке қосылу арқылы алдағы жаңа оқу жылында қашықтан оқыту мәселесі шешіледі.

«Білім» тарифінің абоненттік төлемі – айына 990 теңге. Демек, қашықтан білім алудың құны 990 теңге болмақ. 2,6 млн оқушы қашықтан білім алса, кезекші сыныптар бойынша 530 мың, штатты режимде157 мыңнан астам бала білім алады.

Енді 990 теңгені 2,6 млн оқушыға көбейтіңіз. Айына 2,5 миллиард (!) теңге шығады. ТВ арқылы білім алу да тегін болмайтынын ескерсек, бұл дегеніңіз ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабы, 2-тармағын белден басу емес пе?

«Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, түлектерге бір мамандық шеңберінде жұмысшы біліктілігін немесе жұмысшы біліктіліктерін бере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуын, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді» деп көрсетілген аталған заңда.

Айына әр оқушы 990 теңгеден төлеп білім алса, тегін білім дегені қайсысы болмақ?

Сонымен қатар, мұғалімдердің де «Білім» тарифіне қосылатынын естен шығармайық. Сонда оқушы мен мұғалім ай сайын қанша миллиард теңгеге білім алады?

Меруерт ХҰСАЙЫНОВА

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар