Білім & Ғылым 12.05.2021 сағат 16:40

Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды

Биыл Қазақстанда «Алтын белгі»  иегерлері қатаң тексеріледі.
Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады, деп хабарлайды  Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында «Алтын белгіге» 9 822 оқу озаты үміткер болып отыр.

«Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні»  тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір,  кеңестік кезеңдегідей, емтихан жұмыстарын облыстық немесе Республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді» , - деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, «Алтын белгі»  иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 3,4 млн астам оқушы мектептерде білім алды. Олардың 150 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар