$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда қыздар ақшаға бола шешінген «Zakova» түнгі клубы жабылды

Жуырда ғана Алматыдағы «Zakova» түнгі клубында 50 мың теңге үшін қыздар тырдай жалаңаш болып шешініп, оның арты қоғамда үлкен шуға ұласқан болатын. Артынша, осы клубтың басшысы, әрі танымал блогер Айжан Байзақованы тәртіп сақшылары 3 күнге қамап тастады. Бостандыққа шыққан бойжеткен аталған орталықтың жабылатыны туралы жазды.

«Мен «Zakova» @zakova.bar клубының жабылатынын айтқым келіп отыр. Мұның артында кімнің тұрғанын бәлкім іштеріңіз сезіп отқан болар. Ал, бұған бізге келіп көңіл көтеріп, ішіп-шеккендер кінәлі. Олар клубта болғанның бәрін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Енді міне, өз көздегендеріне жетіп отыр. Олай болса барлық клубтарды жауып тастаңдар, сендер бәрің әулиесіңдер ғой. Кеше соңғы қоштасу кешін өткіздік. Сағынатын боламыз», — деп жазды Байзақова өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, аталған түнгі клубта қыздар жалаңаш шешінгеннен кейін әлеуметтік желіде аталған клубты жабу керектігін айтып, бастама көтергендер көп болды. Тіпті, қоғам белсендісі Талғат Рысқұлбеков ғимаратты қиратуға да шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары