$ 494.87  520.65  4.91

Жантүршігерлік жол апатынан Олжас Сүлейменовтің немересі қайтыс болды (ВИДЕО)

Астанада мотоциклдің қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатынан оның жүргізушісі қаза тапты. Оқиға 22 маусым күні Керей, Жәнібек хандар мен Мәңгілік ел көшесінің қиылысында болған деп жазады Tengrinews.kz.

Анықталғандай, қайтыс болған 26 жастағы жігіт ақын Олжас Сүлейменовтің немересі Искандер екен. Қазір онын туыстары болған жайтты көрген куәгерлерді іздестіріп жатыр.

Ал, Астана қалалық ІІД өкілдері болса жол апатының мән-жайын анықтап жатқанын және кейінірек қосымша мәлімет беретінін айтты.

"Полицейлер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қаза болған жігіттің туыстары осы оқиға жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: +7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары