Қоғам 14.12.2018 сағат 11:27  1742

«Төсімді көрсетпедім»: 18 жастағы бойжеткен жалаңаш күйінде қазақ әшекейін тағуының себебін айтты

Бірнеше күн бұрын желіде жартылай жалаңаш денесіне қазақи әшекей тағып суретке түскен ару жұрттың талқысына түскен болатын. 18 жастағы тараздық Шырын Наршаева өзінің бұл әрекетінің себебін түсіндірді.

«Төсімді көрсетпедім»: 18 жастағы бойжеткен жалаңаш күйінде қазақ әшекейін тағуының себебін айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Мен бір жарым жылдан бері желіге өзімнің неше түрлі суреттер мен видеоларымды жүктеп келдім. Бұл суретте толығымен жалаңаштанған жоқпын. Ол жерде мен төсімді көрсетіп, не болмаса ұятты әрекет істеген жоқпын. Бұл әшейін сурет ғана. Менің мұндағы мақсатым – қазақ халқының әдемі әшекейін одан сайын көрікті етіп көрсету болған еді. Бұл суреттен мен тек сұлулықты көремін. Тіптен достарым мен таныстарым да жартылай жалаңаштанып суретке түскенімді дұрыс қабылдайды», – дейді Шырын «7» арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында берген сұхбатында.

Бойжеткеннің айтуынша, ол жұрттың ашуын шақыру үшін жартылай жалаңаштанбаған. Тек өзінің дене сымбатының әдемілігін көрсеткісі келген. Сонымен қатар бағдарлама барысында Шырын өзін жалаңаш суретке түскені үшін сөккендерге аса мән бермейтінін жеткізді.   

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар