$ 448.15  483.46  4.86

«Мен емес өлтірген»: Қарағандыдағы оқиғаға қатысты күдікті видеоүндеу жариялады (ВИДЕО)

Қарағандыдағы адам өліміне қатысты күдікті Нарек Гурурян көпшілікке видеүндеу жариялады. Оқиғаға қатысы барын мойындаған ол адам өлтірмедім деп ақталып отыр.  

«Өз ісіме жауап беруге дайынмын. Бірақ біреудің ісін мойныма алмаймын. Мен емес өлтірген», – деді өзін Нарек Гурурян деп таныстырған азамат.

Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінің маңында ер адам өлі табылған еді. Кейін облыстық ішкі істер департаменті 22 жастағы Гурурянның және ұсталған үш адамның фотосын жариялаған. 

6 қаңтар күні Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов  қылмыскерлерді жазалауды талап еткен жүздеген адамға тергеудің әділ өтетін айтып, сөз берген. 

7 қаңтар күні Армения вице-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары