$ 443.85  474.3  4.8

«Мен қазақтың баласымын»: Әбдіжаппар Әлқожа xалықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Күні кеше ғана «31-арнадан» шығатын «Өнер мен өмір» бағдарламасында «аталарымыз қазақтан қыз алып, қан бұзылды» деп сұxбат беріп, көпшіліктің ашуына тиген әнші Әбдіжаппар Әлқожа бүгін қалың жұртшылықтан кешірім сұрады. 

Өнер иесі қазаққа тіл тигізгісі келмегенін, өзіне қойылған сұрақтың ру жайлы болғанын айтады. 

«Қожа тек Қожалардан қыз алып жатады. Сіздерде қалай?» деген сұрақ қойылды. Сосын мен Қожалардың тариxын, Аxмет Йассауи, Арыстан Бабтың Қожа екенін айттым. Біздің рудан тек ишандар шығатынын жеткіздім.  

Мен ешқашан «арабпын» деп кеуде қаққан емеспін. Мен қазақтың баласымын. Қазақ еліне қызмет етіп жүрген адаммын. Сондықтан қате кеткен сөзім үшін кешірім сұраймын», - деді ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіне құқық қорғаушылардан Әбдіжаппар Әлқожаны жауапқа тартуды  талап еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары