$ 444.32  473.33  4.76

«Өз ойым» жабылсын!»: бағдарлама продюсері үндеу жариялады (ВИДЕО)

«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» ток-шоуының продюсері Жангелді Таңатбекұлы «бағдарлама жабылсын» деп шулағандарға жауап берді. Ол студиядағы қонақтардың ешқандай да әртіс емес екенін, оларға қаражат та төленбегенін айтып, тек қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғанын жеткізді. 

Продюсер қыздығын сатқысы келетін қызды жарнамалап жатпағандарын, керісінше кейіпкерді райынан қайтаруға тырысқандарын айтады.

«Біз қоғамда бар мәселені талқылаймыз. Ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген қызды ақша ұсынып шақырған жоқпыз, өзі келді. Ал бағдарламаға қонаққа келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, сол ақшаны мен-ақ  берейін деп, жанашырлық танытты. Біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмасақ та, өзін райынан қайтардық. Бұндай мәселелерден бас сауғалап, көз жұмғанша, ашық күрескен абзал», – деді ол бағдарламаның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында

Продюсер сондай-ақ, әр адам отбасындағы қыз баланың тәрбиесіне мән беруге, олардың телефонын тексеріп отыруға шақырды. 

 «Неге біз айтқан ауызды жабуға тырысамыз? Неге ел болып, жұрт болып осы мәселені мойындап, бірлесе отырып шешуге тырыспаймыз? Жастар жылы дейміз. Жастар жылында біз оларға не мүмкіндік беріп жатырмыз?», – деген ол айтар ұсынысы мен өкпесі бар көрермендерді жеке сөйлеуге шақырды. 

Еске сала кетейік, күні кеше ғана белгілі заңгер Айгүл Орынбек «Өз ойым» бағдарламасында көтеріліп отырған тақырыптарды сынап, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан экранды сүзгіден өткізуді сұрады. Кейін көрермендер де бағдарламаның кезекті тақырыбына қатысты жағымсыз пікірлер жазып, ток-шоуды жабуды талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары