Қоғам 20.01.2016 сағат 03:35

Сәбиі жолда өлтірілген жамбылдық оқушы күйеуге шығатын болды

Жамбыл облысында көлікте босанып, сәбиі жолда өлтірілген оқушы қыз күйеуге шығатын болды. Талас ауданы Ақкөл ауылындағы №14 колледж директорының айтуынша, шетінеген нәрестенің әкесі қызбен татуласып, жас болса да отау құруға бел байлапты. Бобала аталған колледждің студенті екенін айта кетейік.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқу орнының директоры Әбләмит Ахметовтың айтуынша, жас жігіт колледждегі үлгілі студенттердің бірі, спортпен айналысып, оқуында қатарының алды болған. Оқиға болғаннан кейін ұстаздарымен тілдескен ол оқушы қызды расымен де жақсы көретінін, орын алған жайтқа қатты қайғыратынын айтқан көрінеді.

Қыздың туған ата-анасы жігітті кешіріп, екеуінің үйленуіне қарсы емес екенін айтып отыр. Баланың да ата-анасы құда түсіп келмек ниетте. Оның үстіне, болашақ құдалар бір-бірімен көрші екен. 

Естеріңізге салайық, 13 қаңтар күні Жамбыл облысы Ақкөл ауылының іргесіндегі тас жолдан өлі сәбидің денесі табылған болатын. Тексеру барысында белгілі болғандай, нәрестені 16 жастағы мектеп оқушысы көлікте босанған. Алайда, аман туылған сәбиді қыздың өгей анасы көлік терезесінен лақтырып, беймезгіл туылған баладан құтылмақ болған еді. Қазіргі таңда басты күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі де болған жайтты полицияға хабарламағаны үшін істі болып жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар