Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық штаб мүшелері Ынтымақ үйінде Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Штаб құрамында Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң ректоры Жанар Темірбекова, «Қуаныш» ЖШС директоры Инара Намазбаева сайлаушыларға партияның сайлауалды «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы таныстырды.
«АМАNАТ» партиясы – халықтың партиясы, Қазақстан халқының үні. Бүгінде ол – бүкіл елмен бірге жаңғырып жатқан жаңа партия. Біз сайлауға түйткілді мәселемізді шешетін, өмірімізді жақсартатын бағдарламамен түсеміз. Бұл бағдарламаның авторы – көмек сұраған, ұсыныс-тілектерін айтқан халық. Біз бірлесіп әрбір қала, аудан, ауылдағы әр отбасының өмірін жақсартатын жүйелі іс-шаралар жоспарын жасадық. Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық-түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады. Алдағы бес жылда біз көп іс тындыруымыз керек! Барлық күрмеулі мәселені шешетін уақыт жетті. Біз қоғам өмірінде әділдіктің орнауын мақсат етеміз», - деді Жарылқасын Әзіретбергенов.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.