Сонау сақ-ғұн дәуірінен басталып көк түріктер, оғыз-қыпшақ, Алтын орда, қазақ хандығына дейінгі аралықта ел билеген әйелдер өте көп болған. Солардың бірі - Теркен хатун.
Ол шамамен 1165 жылы туып, 1225-1228 жылдары дүниеден өткен.
Теркен хатун - атақты шыңғыс ханның өзі негізін салып кеткен алып империяны төрт жыл бойы билеген даңқты əйел. Күйеуі Үгедей қағанның тірі кезінде-ақ «ұлы жұрттқа» әмірін жүргізеді. Кейін 1240 жылдың 10 сәуірі кұні хаған дүниеден өткен соң «Ұлы қатын» дәрежесін алды. Осылайша Үгедей қағанға тиесілі болып келген әскер де, жер де, аймақтардың билігі, тіптен құрылтай кізу құқығы да Теркен ананың еркіне көшеді. Үгедейден бір жыл кейін Шағатай өлген соң, ұлы қағанаттың «ата жұртына» жеке әмірін жүргізді. «Ұлы қатын» ретінде шексіз билікке ие болған.
Кейін Шағатай хаған өлген соң Теркен анамыздың ықпалы тіптен күшейіп Шағатай ұстап отырған қара шаңырақ үлкен орданың тізгінін қолына ұстайды. «Ұлы хатын» ретінде шексіз билікке ие болған Теркен анамыз ұзаамай ұлы ағанатты қағанатты өзінен туған бес ұлына билетіп шексіз билік құрды. Бұл ұзақ уақыттар бойы Шыңғыс ханның ұрпағынан қатты қиянат көріп келе жатқан қыпшақ тайпаларының қайта күшеюіне жол ашты.
Белгілі зерттеуші ғалым Тұрсын Жұртбайдың айтуынша, Сақ тайпасының падиша қызы Тұмар сияқты жаумен майданда шайқаспағанымен, Теркен анамыз өзінің аса зор ықпалын пайдаланып, қыпшақтарды сан рет қырғыннан құтқарып қалып отырған.
«Білек күшімен емес, ақылымен, шешен тілімен дегенін істеді. Қағанатты беске бөліп билеп отырған бес ұлы да Теркеннің ақылына бас иді. Айтқанын бұлжытпай орындап отырды. Талас бойы мен Ферғана жазығын өз қол астына алған соң Мұхаммед өзін «екінші Ескендір Зұлқарнайын» деп жариялап, қайтар жолда Отырар қаласының ханы Білге қағанды тіз бүктірді. Хорезмге қайтып келген соң, сарай салты бойынша Мұхаммед шах анасы Теркен хатунмен жорықтың қорытындысы, ендігі ішкі-сыртқы саясат қақында әңгімелесті. Осы арада Теркен хатун қыпшақ еліне үшінші рет араша түсті. – Ұлым! Қыпшақпен, қаңлымен, қарлықтармен жауласып опа таппайсың. Одан басқа сенімді сарбазың қайсы? Мына Самарқанды, Хорезмді, Үргенішті, Бұхараны жайлаған саудагерлер мен диқандар саған әскери тірек болмайды. Олардың заты қымбатқа өтіп, бау-бақшасы көп өнім берсе, бітті, хан таңдап жатпайды. Білге қағанды тұтқындап, Отырарды алыпсың. Маңындағы ел ұлы далаға үдере босыпты. Ақылымды тыңда. «Қашқан елге – қатын ер» дейді түркі даналығы. Сен олардың соңынан қуып, ел-жұртты күйзелтпе. Қарғысына қаласың. Басқа амалын ізде. Отырарға сенің нағашы ағаң, менің әкемнің інісі Алып Терек Қайыр ханды әмірші етіп тағайында. Білге қағанның есімі жазылған алтын манаттарды қайта қорытып, өз атыңмен шығарт. Қайыр хан намысшыл, қызу қанды, бірақ қыпшаққа адал адам. Ол Қыран Қадыр – Бұқа ханның заңды мұрагері, яғни исі түркі оның дәргейін мойындайды. Сонда босқан ел де қайырылып келеді. Ал Білге қағанды жанын қинамай, мырзақамаққа алып, алыстау жерге жібер. Сонда кек қумайды», – деп ақылын айтады. Ақылды ананың сөзін хорезмшах екі етпеді. Қайыр хан Отырардың сарайына кірісімен, оның жер асты жолдарын, алтын-күміс ақша соғатын қазына ұстаханасын, қару-жарақ жасайтын қылыш төбені, Арыстан су тартатын құбырды аралап шығып, Мұхаммед хорезмшахқа мынандай мықты қорғаны бар шаһардың неғып тез берілгенін базарды аралап жүріп түсінді. Бес жылдың ішінде Отырардың айналасына ор қаздырып, оны сумен қоршады. Өзінің айбыны мен атағы жағынан Еуроазиядағы ең даңқты шаһарға айналды», - дейді ол.
Деректеде Оғыз-қыпшақ дәуірінде өмір сүрген Теркен анамыздың тегі қыпшақ екенін соның ішінде найманның қызы деп көрсетіледі. «Дүние тарихының ең бір толқымалы тұсында Азия мен Еуропаның арасындағы ұланғайыр жер мен билікке ие болған хорезмшахтың билігін туған ұлы Мұхаммедпен тізгін жарыстыра ұстаған қыпшақ қызының есімі Теркен хатун деген атпен айдай әлемге машһүр болды. Егерде, Араб пен Иранның, Шығыс Түркістанның, қидандардың, Қыпшақ даласының, ең соңында Шыңғысханның сыртқы саясатына араласып, дегенін істетіп отырғанын ескерсек, онда осынау ақылды да өжет, қаншыл әйелдің Тұмар, Мария Стюарт, Жанна д’Арк, Тамара, Сүйімбике сияқты күрделі әдеби тұлға ретінде бейнеленуге толық қақысы бар» деп жазады Тұрсын Жұртбай ағамыз. Сол секілді Сержан Ақынжанов та өзінің «Қыпшақтар орта ғасырдағы Қазақстан тарихында», атты еңбегінде (221-бет): «Хорезмдегі Теркен хатунның беделі мен Хорезмшахтың мемлекеттік ісіне ықпалы баршаға аян. Бұл әйел әміршіден де зор билікке ие болды. Өзінің туысы – қыпшақтарды қолдай отырып, ұлы хорезмшах Мұхаммедтің тұсында шешуші тұлғаға айналды. Қыпшақтар мен қаңлылар, қарлықтардың қуатты күшіне сүйенген хорезмшах Мұхаммед ақыл-қайратын қатар ұстап, әскери-әкімшілік жағынан Орта Азиядағы және қыпшақ даласындағы бірден-бір өктем мемлекетке айналды. Бұған шешесі Теркен хатунның беделі мен көрегендігі әсер етті. Шыңғысханның шабуылы кезінде хорезмшахтың жанында тек Теркенге тиесілі қыпшақ жасақтарының қалуы соны аңғартады. Ал әңгіме падишаның туған елі – қыпшақтарға бүйрегінің бұрып, үнемі оларды қамқорлыққа алуы хақында болса, онда бұл сатқындық емес. Теркен қыздың бойындағы ең асыл қасиеті ол. Өкініштісі сол, Теркен хатунның қыпшақтарға көрсеткен перзенттік парызын тарихшылар Жувейни де, Несеви де, Рашид ад-дин де, Әбілғазы да жете бағаламай, адал арудың ақ жүрегіне күдіктене қарады. Кейбір ғалымдар шындықты біле тұрып үндемеуге тырысты», - деп жазады.
Теркен хатун кей деректерде Дөрегене деп жазылады. Батыс тарихшылары Туракина деп қалдырған: Француз тарихшысы Р. Груссе «Дала империясы» атты кітабында: «Өгедей қайтыс болғанда саяси билікті өз əйелі – ақылды да айлалы Тұракина хатұнға тапсырып кетті. Тұракина əсілі меркіт тайпасының басшысына күйеуге шыққан найман қызы болатын» деп көрсеткен.
Ары қарай тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Қайыркеннің деректерін сөйлетейік: «Оның «Монғол империясы» атты кітабының «Монғол империясының ауысуы» атты IV тарауының «Өгедайдың тақ мұрагері Күйік» атты IV бөлімінде Тұракина қатұнға берген анықтамасында да осылай делінеді. Онда автор өз жерлесі француз Дэ Майлланың (қытайша аты – Фэн Бинчжэн) бізге белгісіз шығармасы «Фэнбинчжэншуға» негізделіп, (馮秉正, IX, 233) «Тұракинаның қытайша аты Толегана, оның Найманжын деген де аты бар,» – дейді. Аталмыш кітабының соңындағы IV тарау IV бөліміне берілген 3-түсініктемесінде ол тағыда былай деп жазады: «Өгедейдің бəйбішесі «Құпия тарихтың» 198-бөлігінде Дөрегене (Dörägänä) деп аталады. Бұл дегеніңіз Торағана (Törägän ä) немесе Төрегене (Töregene) деген сөз. Кейде Төрегүне (Töregune) деп те оқылады. Араб-парсы деректерінде Тұракина (Torakina) деп жазылады. Ал қытайша деректерде 脫列忽 那,脫列忽乃 делінеді.
Ел есінде қалғандай, əрі «Құпия тарихтың» 198 –бөлімі дəлелдеп бергендей, меркіт Тоқтабектің үлкен ұлы Құдудың əйелдерінің бірі болған (тағы біреуі – Тоғай). Ол 1204 жылдың соңы немесе 1205 жылдың басында қолға түсіп, Шыңғыс хан оны үшінші ұлы Өгедейге береді. «Жамиғ-ад-тауарихта» оны меркіт Тоқтабектің келіні емес, қайта уас меркіттің көсемі Дайырүйсіннің ханымы дейді. П. Пелльо «Құпия тарихтың» паймдары біршама ақылға қонымды, Қытай деректері оның найман тайпасынан екенін растайды. Шыңғыс ханның қас жауының келіні күндердің күнінде Монғол империясының билеушісі болғанын көру қандай қызық,- дейді[3, 392]. А.Ш. Кадырбаев өзінің «Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и киреитов» атты еңбегінде жаңылып Тұракинаны Төленің əйелі дейді. Шын мəнінде, ол Төленің əйелі емес, оның ағасы Өгедейдің əйелі болатын. Оның 170 Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар найман тайпасынан екені «Жамиғ-ад-тауарихтың» түсіндірмесінде де жазылған. Онда «Юань тарихы» (元史) 106 т., 1-б. бойынша Өгедей ханның əйелдері мынадай тəртіппен жазылған: 1-Болахчын, 2-Төлегана (Туракина), наймажын тайпасынан, 3-Оңкүй, 4-Чилжіғұтене, 5-Тунакина (бұл əрине Туракинаны қайталау-Т.З.), 6-Иелчина ханым. Мэлидің шешесі,- делінеді. Осындағы «наймажын» деген сөз найман тайпасын білдіреді. Туракинаның найман тайпасынан екендігінің мынадай да себебі бар: Шыңғыс ханның керей, найман, меркіт – осы үш ірі тайпалық мемлекетті бағындыруы қарсаңында керейлер Темужін тарапта, ал меркіттер наймандар тарапта болатын. Бұл кезде меркіттердің өз ата жауы монғолдармен одақтасып отырған керейлермен құда-андалы бола қоюы екіталай еді. Оның үстіне олардың монғолдармен жауластығы шегіне жеткен болатын. Керісінше, бұл кезде меркіттер мен наймандардың монғолдарға қарсы одағы анағұрлым берік болатын. Сол себепті, наймандар мен меркіттердің бір-бірімен жақындықтың, одақтастықтың белгісі ретінде қыз алып, қыз берісуі табиғи еді. Тарихта Монғол империясының көптеген қағандары мен олардың ұрпақтары қазақ халқын құраған ежелгі тайпалармен тығыз құда-андалық байланысты сақтап отырған. Нəтижесінде қазақтың керей, найман тайпасынан шыққан көптеген əйелдер жоғарыдағы императрица Тұракина секілді, сарай істерінен бастап мемлекет басқаруға дейін араласып отырған. Олардың кейбірі империяның даңқын əлемге жайған императорлардың əйелі немесе олардың қадірлі анасы болған еді. (Т.Қайыркен. Аймалжын кемпір жəне монғол империясы алқалаған қазақ қыздары. «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» жинағы 169 бет)