$ 494.87  520.65  4.91

AMANAT: Алматы облысында орташа жалақы көлемі 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылады

Шағын және орта бизнесті, экономиканың жекелеген салаларын дамытуды қолдау бойынша атқарылатын іс-шаралар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендетіліп, азаматтардың табысы артады
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Алматы облыстық «Аманат» партиясы 2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне арналған нақты жобаларды топтастырды.

 Алда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылым жайы қарқынды дами түседі. Партияның басты мақсаты – бағдарламаны шалғай орналасқан елді мекендерден бастап, қалалардағы әрбір шаңыраққа насихаттап, дауыс беруге үгіттеу.

Осы орайда Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дархан Суртаев, Ушуров Билалдин және Әсел Төлепбергенова Еңбекшіқазақ ауданына барып, Шелек ауылы тұрғындарынмен жүздесті.

Шара аясында үміткерлер партия елдің тұрақтылығы мен егемендігін сақтап қалуда, халықтың жағдайын жақсартуда аянып қалмайтынын жеткізді.

«Халықтың аманатын, арман-мақсатын орындау үшін қалтқысыз қызмет етеміз. Әр адам өз отбасын қамтамасыз етуде лайықты ақша таба алуы керек. Ол үшін өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылады. Орташа жалақы көлемі 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Шағын және орта бизнесті, экономиканың жекелеген салаларын дамытуды қолдау бойынша атқарылатын іс-шаралар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендетіліп, азаматтардың табысы артады», − деді халықпен жүздесуде Дархан Суртаев.

 Сонымен қатар, Шелек ауылы жұртына бағдарламаның өзге де маңызды тетіктері түсіндірілді. Әсіресе, ауылды жерлердегі қордаланған мәселелер түбегейлі шешілетінін атап өтті.

Жайылым жер тапшылығы, медицина саласындағы мамандардың жетіспеушілігі, ауруханалардың тозуы, жол, газ, су проблемалары алдағы 7 жылда толығымен реттелетінін жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау