$ 443.85  474.3  4.8

Жаңа есім: Біздің кандидат

Ақылбек Нұрболатұлы – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған, бүгінде бірнеше серіктестіктердің басын біріктірген табысты кәсіпкер.
фото: AMANAT партиясы
фото: AMANAT партиясы

«Менің ойымша, депутат халықтың өз ішінен шығып, барлық жағдайын көрі, естіп жүрген адам. Оның мақсаты – халықтың үні болу. Себебі халық «Менің сөзімді айтады, проблемамды шешеді» деп оны таңдады». Атырау қаласы мәслихатының депутаттығына №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Ақылбек Құлбараховтың өмірлік ұстанымы осындай.

«Қарапайым отбасынан шықтым, ата-анам өмір бойы еңбек етті. Тек адал еңбек, маңдай тер, айналаңа қол ұшын беру, көмектесу – бала кезімнен көріп өскен, бойыма сіңірген принциптерім» деген Ақылбек Нұрболатұлы – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған, бүгінде бірнеше серіктестіктердің басын біріктірген табысты кәсіпкер. 

Атырау политехникалық колледжін, кейін Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша тәмамдаған және Орал қаласындағы БҚИТУ «Құрылыс» мамандығын үздік бітірген ол түрлі лауазымдардан басшылық лауазымға дейін шет елдік мекемелерде жұмыс атқарды. 

2014 жылдан бастап «Bek Consulting» мекемесін құрып кәсіпке бет бұрған ол – қазіргі таңда аса жоғары білікті қызметкерлері бар: «Bek Consulting» ЖШС, «Bek Industry Group» ЖШС, «Bek Engineering» ЖШС, ПТК «ВЕК» ЖШС-терінің негізін қалаушысы және  құрылтайшысы.

Өз сайлауалды бағдарламасында сайлау округінің шекарасына кіретін Геолог, Бірлік ауылдары мен Мирас тұрғын үй алабының дамуын көздейтін негізгі бағыттарды айқындаған. 

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында халықпен тікелей кездесіп, ауылдарды аралауда. «Тұрғындар көтерген мәселелер толық шешімін тапқанша бақылау, құзырлы мекемелерге хабарласып, талап ету – біздің мақсатымыз» дейді кандидат Ақылбек Құлбарахов.  

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары