29.03.2023, 10:20

Үкімет отставкаға кетті

Фото: primeminister.kz
Қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін қызмет етеді.

29 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.