30.03.2023, 10:40

Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

Фото: akorda.kz
Кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.