30.03.2023, 15:40

«Енді 50 жылдан кейін тоқал алып беремін»: Мереке Қалбаева күйеуіне су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/merekusha.k
Нарықтағы бағасы шамамен 60-70 миллион болады.

Актриса, әнші Мереке Қалбаева шаңырақ көтергеніне 5 жыл толуына орай күйеуіне су жаңа көлік сыйлады , - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл жаңалықты Мереке өзінің Instagram-парақшасында жариялады. 

"Жас болса да, бас болып жүрген отағасына сыйлығым. Шаңырақ көтергенімізге 5 жыл толуына орай Тoyota land cruser 200 автокөлігін сыйға тарттым, енді 50 жылдан кейін тоқал алып беремін", - дейді өнер иесі. 

Көліктің бағасы айтылмады, бірақ нарықтағы бағасы шамамен 60-70 миллион болады.