$ 494.87  520.65  4.91

Мезгілсіз қайтыс болған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына 5 кандидат тіркелді

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімі басталды.
Фото: freepik
Фото: freepik

Сотүстік Қазақстан облысынан сайланып, кенеттен көз жұмған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың бос қалған мандатын иелену үшін 5 кандидат тіркелді. Үміткерлер сайлаушылардың қолын жинауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада жазылғандай, облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен Парламент Сенатының депутаттығына үмітті мына 7 кандидат құжат тапсырған:

- Мелехов Сергей Владимирович;

- Махиня Евгений Сергеевич;

- Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;

- Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;

- Рафальский Анатолий Брониславович;

- Рахметова Әсем Қалашбайқызы;

- Қасенова Рауза Ивановна.

«Бір кандидаттың ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарына, яғни ҚР мен СҚО аумағында тұрақты тұру бөлігіне сәйкес келмеуіне байланысты ұсынылуы тоқтатылды. Бір кандидат өз еркімен кандидатурасын қайтарып алды. 5 кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталды. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау рәсімі басталды», - делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары