$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Сайыров: Дүние жүзі әр түрлі блоктарға бөлініп кеткен кезде парасатты дипломатия идеологиясы өте маңызды

Бұл – халықаралық дәрежедегі жаңа бір бағыт-бағдар болатыны анық.
Фото: Е. Сайыровтың жеке архиві
Фото: Е. Сайыровтың жеке архиві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары кезінде ақылға қонымды, ұтымды және дана дипломатия дәуірі келе жатқанын атап өтті. Екі тарап үшін де қолайлы бейбіт келіссөздердің негіздерін табу үшін өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Осындай маңызды қадамдарға қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Ерлан Сайыров пікір білдірді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев өзара айыптауларды тоқтату керек екенін айтты

Ақылға қонымды, парасатты дипломатия дегеніміз - бүгінгі таңда екіжақты айыптауларды қойып, белгілі бір компромисске бару. Сондықтан, менің ойымша, дүниежүзі әр түрлі блоктарға бөлініп кеткен кезде ақылға қонымды, парасатты дипломатия идеологиясы өте маңызды болып табылады. Ендеше бұл – халықаралық дәрежедегі жаңа бір бағыт-бағдар болатыны анық, - дейді Е. Сайыров.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары