$ 495.2  522.34  4.94

Мемлекет басшысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналатынын айта келе, Әшімбаев қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынғанын; биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Масс-медиа туралы» және «Жылу энергетикасы» туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қазақстанның Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның жұмысы туралы баяндап,Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының қызметін таныстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары