$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Никол Пашинян өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

тоқаев

Фото: Ақорда

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

никол

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.

ереван

Фото: Ақорда

тоқаев

Фото: Ақорда

тоқаев

Фото: Ақорда

Одан кейін Қазақстан Президенті Армения Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ресми сапарына ерекше мән беретінін және оны екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланыстардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін мол әлеует бар екенін айтты.

Никол Пашинян өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, армян-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды.

Шағын форматта өткен келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы көпқырлы байланыстарды одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары