2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа айрықша қызығушылық танытқанын сөз етті. Сондай-ақ ол қытай тілін ұмытпау үшін не істейтінін айтты.
– Әлемдегі ғана емес, Қытайдың өзінде де дамылсыз өсіп, тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескерсек, тілдік дағдымды ұмытып қалмас үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы өзгерістерінен хабардар болу мақсатында қытай тіліндегі кітаптарды үнемі оқимын, – дейді Мемлекет басшысы.
Естеріңізде болса, биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек. Сондай-ақ ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады деп күтіліп отыр.