Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ҚР Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Шораұлы Сарыбай ҚР Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.