Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ, Ақорданың телеграм арнасынан мәтін түрінде трансляция жүреді.
Мемлекет басшысы Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.