$ 516.93  542.52  4.98

Сирия оппозициясы Дамаск қаласын бақылауға алды

Президент Башар Асадтың қаладан кеткені хабарланды.

Фото: © istockphoto.com
Фото: © istockphoto.com

Сирияның қарулы оппозициясы Дамаск қаласын бақылауға алып, президент Башар Асадтың қаладан кеткені хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы DW-ге сілтеме жасап.

«Дамаскке «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы басымдыққа ие болған қарулы оппозиция күштері кірді. 8 желтоқсанға қараған түні жергілікті тұрғындар қала аудандарынан естілген қарқынды атыс дыбыстары туралы AFP агенттігіне хабарлаған. Әлеуметтік желілерде оппозиция өкілдері «тиран қашып кетті» деп мәлімдеп, енді Дамаск өз бақылауында екенін жариялады», — деп жазады басылым.

Президентке жақын дереккөздердің хабарлауынша, Башар Асад Дамаскты белгісіз бағытта тастап кеткен. Ал бұл уақытта оппозиция күштері қаланың әртүрлі аудандарында жеңістерін атап өтіп жатыр.

Бұған дейін Сирия премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Джалали билікті оппозицияға бейбіт жолмен тапсыруға дайын екенін мәлімдеген. Оның бұл үндеуі әлеуметтік желіде жарияланған.

«Біз отанымыздың бір бөлігі саналатын ешкімге зиян тигізбейміз деп уәде еткен оппоненттерімізге қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді премьер-министр.

Сондай-ақ ол билікті оппозицияға тапсыру процесіне қолдау көрсетіп, мемлекеттік нысандарды қорғауды қамтамасыз ететінін айтты. Мұхаммед Гази әл-Джалали өзі Сирия астанасындағы үйінде екенін айтып, азаматтарды мемлекеттік мүліктерге зақым келтірмеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары