22.04.2025, 02:30

«Жетісіп қалыпсың»: Мысыр жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Олар бір-бірімен Дубайда танысқан.

Желіде Шахризада есімді бойжеткеннің мысырлық азаматқа тұрмысқа шығып жатқан видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Күйеу жігіттің есімі Халед, ұлты араб. Олар бір-бірімен Дубайда танысқан. Салт-дәстүр бойынша ұзатылған. Ұзатудан соң Мысырға қайта кететіндіктерін де айтты. Бойжеткеннің сөзінше, енді ол қазақи таптаурындардан азат. Яғни, орамал тағып, сәлем салмайды, ыдыс жумайды, үй тірлігін істемейді. Алайда өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаны желі қолданушыларының шамына тиді.

"Қазақтан ешкімді таппадың ба?", "Қанымызды бұзатың болдың", "Жетісіп қалыпсың", "Қазақтың салт-дәстүрін қорлама", "Қап-қара етіп қайдан тауып алған", "Сендейлерді енді елге кіргізбеу керек", деп жазды.

Дегенмен, шынайы бақыт тілеп жазғандар да бар.